"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ «Мен шаттығыммен бөлісемін»

09.02.2017

3,4 сынып оқушылары «Мен шаттығыммен бөлісемін» атты тақырыпта өткен

іс-шараға қатысты. Ата-бабадан келе жатқан сан алуан өнегесі, оның ішінде киелі

жеті саны отбасындағы тәрбиенің басты көзі екенін ұғады. Сабақ барысында

берілген әртүрлі әрекеттер (мультфильмді тамашалау, жұмбақ шешу, постер құру,

тыныштық сәті, жүректен-жүрекке және қонақжайлылық) арқылы оқушылар өз

шаттығымен бөлісе алды. Отбасында – отбасының мүшелері, мектепте – сыныптастар

және мұғалімдер тәрбие беруде баланың шаттық көңілі білімді ұғуға жақсы жағдай

туғызатынын түсінді. Оған себеп болған алдын ала берілген тапсырмалар және

сабақтың кезеңдері арқылы көрсете алдым.

Үйлерінде ата-аналарымен бірге дайындаған «Мен және менің отбасым» атты

коллаж және «Менің жеті атам» атты тапсырма балаларға жақсы әсер етті.

Өздерінің отбасы туралы жаңа білім құра біліп сыныптастарымен бөлісті. 

Сыныпқа келген қонақтар – бабаларымыз Әтеке би, Төле би, Қазыбек би – «Жеті

атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген сөздің мәнін жете түсіну үшін

әңгіме құрып, жеті ғалам, жеті жоқ, жеті қазына дегеннің не екенін түсіндіріп

берді.

Тыныштық сәтінде балаларым оң қолдарымен жүректерін ұстап, жылылығын

сезініп, жүрек жылуын адамдарға, айналасына жеткізу үшін іштей оларға жақсы

тілектерін тіледі. Бүгінгі кездесуден алған жақсы әсерлерін жүректеріне түйіп

алды. Жылы және жұмсақ жақсылыққа толы жүрекшелерін келген қонақтарға сыйға

тартты.

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст