Текст
Жыл сайын ақпан-наурыз айларында Ақмола облысының әр ауданында «Жарқын болашақ» олимпиада өткізіледі.
«Жарқын болашақ» олимпиадасында, оқыту тіліне қарамастан, 7-11 сынып оқушылары бес номинация бойынша қатыса алады: «Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар».
Негізгі мақсат - қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және шығармашылық бастамаларды анықтау, оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту.
Қантардың 25 жұлдызындабіздің мектебімізде , төрт номинация бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті, олимпиадаға 2-11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара жақсы ұйымдастырылып, көптеген балалар өнер көрсетті. Қатысушылар үшін, мұғалімдер үшін - олимпиаданың мектеп кезеңі нағыз мерекеге айналды