"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Асығың алшысынан түссін!

27.04.2025

Бастауыш сыныптар  апталығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мақсутұлы Береке «Асығың алшысынан түссін!» атты сыныптан тыс жұмыс өткізді. 
Асық ату ойыны – ұлттық тәрбие көзі. Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу мақсатында  сайыс түрінде өткізілген  іс-шараға оқушылар белсене қатысты. 
Ата-бабаларымыз асық ойыны арқылы баланы жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Асық ойындары әрбір жас баланың намысын қайрап, жеңіске деген талпынысын арттырады. Асық ойынында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Тартысты өткен ойын нәтижесінде Байқоңыр тобы І орын, Қыран тобы ІІ орын; Тұлпар тобы ІІІ орынды иеленіп, барлық оқушылар марапатталды.

Просмотров: 31


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст