"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған бағдарлама бастауыш сыныпта

17.11.2017

Жаңартылған бағдарлама бастауыш сыныпта

         Заман талабына сай Қазақстанда жаңартылған білім бағдарламасы жүйеге енді. Республикамыздың барлық мектептері Білім Басқармасының бұйрығымен осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Бұл білім бағдарламасы бойынша жаңа оқулықтар мазмұны, жаңа пәндер кіріктірілгеннен басқа, бағалау үрдісі де өзгерді. Қазіргі уақытта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – критериалды бағалау деп аталады. Бұл бағалаудың ерекшелігі күнделікті

дәстүрлі бағалар қойылмайды, тек бөлім және тоқсан бойынша бағалау өткізіледі.

Критериалды бағалаудың тиімділігі оқушылар өз деңгейлерін біледі; өзін ешкіммен салыстырмай, бір-біріне қарамай өз жұмысын ғана орындауға тырысады. Бұл оқушыларды өздері оқып үйренуге, тапсырмаға қызығушылығы артып, зейін қойып орындауға үйретеді. Әрине, жаңартылған бағдарлама болғандықтан қиыншылықтары да болады. Бірақ уақыт өте ол киыншылықтар да шешіледі деген ойдамын.

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст