Менің досым бағдаршам!
Бүгін бұланды орта мектебінде кезекті қойлым өтті.Қойылым «Жолда жүру ережесі»апталығының аясында 1
«Б»,3 «А» сыныптарының қатысуымен «Менің досым бағдаршам!»тақырыбында
өткізілді. «Юный Актер» театр мүшелерінің қатысуымен өткен бұл қойылымның
ерекшелігі залдағы көрермен де бірге ат салысумен болды.Ортаға әр түрлі жолда
жүру белгілерін алып шыққан бағдаршам көрермендерге де бірнеше сұрақтар
қойып,қойылымды қызықты етті.Түрлі аңдардың кейпіне енген біздің әртістер түймеқыздың
туған күніне баратын жолды білмей,жылап отырғанда Сиқыршы оларға жол көрсетпек
болады.Жолда жүру ережесін білмейтін Сиқыршы ақыры өзі де адасып
тынады.Қасқыр,қоян және түлкі тағы да жылай жөнеледі.Осы кезде оларға Бағдаршам
көмекке келеді.Жолда жүру ережесін достарына үйретіп,Бағдаршам оларды
Түймеқыздың үйіне апарады.Аңдар Бағдаршамға рахметін айтып,мәз-мейрам
болады.Жас таланттардың өнеріне риза болған көрермендер де қойылым соңында
көңілді биге қосыла кетті. «Алда тағы да керемет қойылымның куәсі боласыздар!»-
деп жас актерлер сөздерін аяқтады.Ал,біздер жас таланнтарға «Өнерлерің өрге жүзсін»-демекпіз!