"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.11.2017

Сабақтың тақырыбы: «Біз жол қауіпсіздігін сақтаймыз!»

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой-өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту. Оқушыларды

көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, слайд, жолда жүру туралы мультфильм.

Сабақтың

барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Жол тәртібін білетін,

Біз білімді баламыз.

         Қайырлы күн достарым! Балалар бүгінгі біздің  тақырыбымыз «Біз жол қауіпсіздігін сақтаймыз!».

Сұрақ-жауап.

Енді мына сұрақтарға жауап берейікші!

-Балалар біздің ата -аналарымыз базарға, қалаға барғанда немен жүреді?

-Көлікпен.

-Жолда жүргенде жол ережелерін сақтайсыздар ма?

-Иә.

-Олай болса мен сіздерге жұмбақ жасырайын.

1)Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр?  

( Бағдаршам)

2) Ала таяқ ұстаған, 

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен, 

Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)

3) Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (Автобус)

4) Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

5) Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

6) Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

7) Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

-Балалар бағдаршам бізге не үшін керек ?

Сурет арқылы түсінік беру.

         Бағдаршам-  жол ережесін реттеуші, ол жол қиылысынан өтуге көмектеседі .

Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек.  Балалар

бағдаршамның үш көзі болады.

Қызыл көзі жанғанда - қалт тоқтаймыз.

Сары түс жанғанда- дайындаламыз, абайлап сақ болыңыз.

Жасыл түс жанғанда- жасыл жарық жол ашық жүгіріп өтіп кетеміз.

— Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?

— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Қызыл – Тоқта!

Сары – Сақтан!

Жасыл – Жол ашық!

«Жол белгілерін білеміз бе?»  (Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)

Сергіту сәті: 

Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.  

Жасыл: құшақтасамыз.

Көшеде жүру тәртібіне байланысты мультфильм көрсету.

Қорытынды. 

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,  

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру ережесі — заңды тәртіп  

Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға  

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.

  Анализ

13 қарашада 1 «А» сыныбында «Қауіпсіз жол қозғалыс апталығына» сәйкес «Біз жол қауіпсіздігін сақтаймыз!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой-өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Сынып сағатында ең алдымен оқушыларды ұйымдастыру мақсатында психологиялық сәт өткізілді.  Жолда

жүру туралы әңгіме жүргізілді, оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті. Бағдаршам, жиек жол туралы түсініктері толықтырылды. Жолда жүру ережесін есте сақтау мақсатында интерактивті тақтадан жол белгілері, бағдаршам туралы презентация көрсетілді. Сынып сағаты қызықты мультфильм көрумен аяқталды.

 

Просмотров: 3603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст