Тренинг - семинар
2017 ж. қарашаның 1 күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде Ақмола облысының
ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған бір күндік кәсіби даму тренингі өтті. Бұл
тренинг «Oxford University Press» баспасының, Қазақстан оқушыларына арнап
шығарған «English Plus Kazakhstan edition» кітабына сүйеніп өткізілген болатын.
Аталған баспаның педагог-тренері Пол Вудфолл Дубай елінен арнайы Көкшетау қаласына келіп мұғалімдерге
сабақта қолдануға болатын қызықты және тиімді әдіс-жаттығуларды көрсетті.
Сонымер қатар, тренинг соңында тақырыпқа сай
ұтыс ойыны өткізілді. Бұл ұтыста сабаққа қолдануға болатын
аудио-ақпараты бар дискілер, және Oxford сөздігі ойнатылды. Іс шара соңында
тренингке қатысушыларға қатысу сертификаттары табыс етілді. Маған аталмыш іс
шараға қатысқаныма қуаныштымын.