Сабақ тақырыбы: «Асыл мұрам- қазынам»
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сыпайы сөздерді сөздерді үйрету,
үлкендермен сәлемдесу, мәдениетті сөйлеуге үйрету.
Мақал-мәтел, жаңылтпаш, санамақтарды еске түсіру.
Дамытушылық: сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыта
жетілдіру, ойлау қабілетің жоғарту.
Т
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер,
сюжетті суреттер, домбыра, бесік, сиқырлы конверттер.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгін біздің сыныпта үлкен той.
Біздің балаларымыз 1-сыныпқа аяқ басып отыр. Мектеп- білім ордасы. Білімді,
оқымысты, ғалым болуды барлығымыз да армандаймыз. Білімді болу үшін тәрбие,
өнеге, тіл, ізденіс, талап керек. Баланың білімге талпынысы мектепке келуден,
тіл үйренуден, араласудан бастау алады. Балалар, бірнеше күндер бойы біздің
ауданның барлық мектептерінде тіл апталықтары өтуде. Сондықтан бүгінгі біздің
ашық сабағымыз да тіл дамыту сабағы бойынша өтіліп отыр.
- Балалар, біздің мемлекетіміз қалай деп аталады?
- Астанамыз қай қала?
- Біздің еліміздің президенті кім?
- Ал осы республикамыздың биыл неше жылдығын атап өтудеміз?
- Республикамыздың мемлекеттік тілі қай тіл?
Тіл- халық қазынасы, асыл мұрамыз. Баға жетпес байлығымыз.
Ана тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар,
деп ақын ағамыз жырлағандай,
тіліміз болмаса ұлтымыз да болмайды.
Сүйемін туған тілім -анам тілін,
Бесікте жатқанымда- ақ берген білім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықтым,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Баланың ойы дамып, дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам болу үшін ол ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйренуге тиіс. Қазақ тілі- бай тіл және тез дами беретін тіл. Ана тіліміздің аса зор, керемет қасиетін Абай атамыз «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп жоғары бағалаған. Біздің халқымыздың ең құрметті өнері де осы- сөз өнері.
Соның бірі –шешендік өнер.
Шешендік өнер, қазақтың қай баласынан болса да шығуы мүмкін. Өйткені суырып салма ақын, өткір сөзді шешен адамдар көп болған.
Осындай сөзге шешен қандай атақты адамдарды, билерді білесіңдер? «Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би, Жиренше шешен)
(Суреттер көрсетіледі)
Тілі шыға бастаған бөбектің, тіл үйренуге құштар балдырғанның тілін одан әрі дамыту үшін халқымыз туғаннан бастап дәріптеп үйретуді салтқа айналдырған. Балаға бесікте жатқанында ақ бесік жырын айтқан.
(Бір қыз бала бесік жырын айтып, бесікті тербетеді)
Балалар өздері білетін бесік жырларын айтып берді.
2. Баланың тілі шыға бастаған кезде оларға әртүрлі санамақтар жаттатқызып, санауды әртүрлі ойын, ән
қылып үйреткен.
Балалар санамақтар айтады.
Ортаға бір баланы шығарып қуыр- қуыр- қуырмашты ойын ретінде ойнатамын.
Ән «Бала, бала, балақан»
Жұмбақ, мақал- мәтел, жаңылтпаштар үйретіп баланы мектепке дайындаймыз.
1. Жұмбақ шешу.
2. Жаңылтпаш айтқызу
3. Мақал- мәтелдер құрастыру.
4.
Келген қонақтармен ойын. «Ойымды жалғастыр»
Ананың ақ сүтімен бірге дарыған ана тілін терең білу-бақыт.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Басқа тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,- деп
Қадыр атамыз айтқандай басқа тілді білу үшін де ең әуелі ана тілін жақсы білу қажет.
(Ағылшын тілі туралы айтып өтемін)
Сөздің қисынын тауып мәнді сөйлеу- шешендіктің алғышарты. «Ана тілін білмеген- ақылы
жоқ желікбас»-деп ақын ана тілінде жақсы сөйлей білмеу де үлкен күнә деп
көрсетеді.
Анасын сыйлаған бала оның тілін де құрметтеуге тиіс.
(Ана туралы сұрақ- жауап)
Ертеңгілігімізге халық ауыз әдебиетінің кейіпкері, өзіміздің сүйікті кейіпкерімізді шақырғанбыз. Қошеметтеп қарсы алайық.
(Жиренше шешен кіріп балалармен амандасады)
Жоғары шық қонағым,
Келіп тұрған алыстан.
Жақсылық жеңсін деп,
Жан аямай алысқан.
Сіздердің әділ істерің,
Ғасырлар бойы тынбайды,
Аңыз- дастан жырлардан,
Жастар оқып тыңдайды.
Жиренше балаларға сұрақ қояды.
Балалар, сендерге деп алып келген бірнеше сұрақтарым бар еді.
- Жерден ауыр не?
- Судан терең не?
- Оттан ыстық не?
- Көктен биік не?
Оқушылар жауап береді.
- Жарайсыңдар, балалар, келесі сұрағым
- Осы өмірде не жетім?
- Жаңбыр жаумаса -жер жетім
Басшысы болмаса –ел жетім.
Ұқпасқа айтылған сөз жетім.
- Не тәтті?
- Ананың сүті тәтті,
- Не жұмсақ?
- Ананың қолы жұмсақ.
- Не қатты?
- Атаның жүрегі қатты.
- Ал, балалар, сендер енді ана тілімізге байланысты тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып берді.
- Балалар, менің кететін уақытым да таяды. Сендерге көп
рахмет, ана тілін қадірлеп өсіңдер.
- Ата, бата беріңіз?
Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл- қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына
Аман- есен түгел жет.
Меккедегі Мұхамбет,
Түркістанда Қожахмет.
Осы айтқан тілеуімді,
Құдай қаласа, қабыл ет. Аумин!
Жиренше кетеді.
Балалар атадан қалған тағы бір данышпан сөз бар. Ол туралы мен сендерге аңыз айтып
берейін.
Хан баласының өлімін жеткізген күйші туралы аңыз айтылады.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ -домбыра» деген сөз қалған.
Ендеше мен сендерге «Қазақ осы» атты терме –әнді
орындап берейін Ән орындалады.
Міне,
балалар, біз тәрбие алатын атадан қалған асыл сөздер көп екен. Әлі де оқып біле
береміз. Ең үлкен кісі –аталарың, әкелерің, әжелерің. Сол кісілерді тыңдап,
сыйлап өсіңдер, өсиеттерін есте сақтаңдар!
Осымен «Асыл мұрам, қазынам» атты ашық сабағымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп
рахмет.