«Тілдарын-2017»
27.10.17 ж. Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту орталығы Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жастар арасында «Тілдарын-2017» облыстық байқауын өткізді. Бұл байқауда Ақмола облысының қазақ, орыс және ағылшын тілін жетік білетін 18-22 жасқа дейінгі
жастары қатысты. Аталмыш сайысқа мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі әрі жас маманы Ахметова Айнұр Эрболқызы қатысып, бақ сынасты.
Байқау 3 айналымнан тұрды. Байқаудың шарты бойынша айналымдарда аталған тілде эссе жазып, «Тұсаукесер» кезеңінде сұраққа толық жауап беріп, берілген мәтінге ілеспе аударма жасау талап етілді.
Қазылар алқасына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің тілдер және педагогика саласының қайраткерлері енгізіліп, әділ бағасын берді.
Байқау қорытындысы бойынша Айнұр Эрболқызы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат және кәде сыймен марапатталды.