Тілдер күніне арналған онкүндік мектебімізде қыркүйектің 6-нан 15-не дейін өтті. Онкүндіктің ашылу рәсімі қыркүйектің 6-сы салтанатты жиында болды.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру және пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, отанға деген сүйіспеншілігін ұялату. Онкүндікке мектепте тілдер мұғалімдері жоспар бойынша қызықты мәліметтер мен сабақтар өткізді. Оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін шыңдай түсті.
Дүйсебі күні тіл мерекесінің ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебит пәндерінің мұғалімі Жунусова Қазия Тоқтарқызы, Орыс тілі мұғалімі Ахметжанова Гульнар Халелқызы орта және жоғарғы сынып қушыларына «Счастливый случай» атты интеллектуальді ойын өткізді.
Сейсенбі күні 5,6,7,8,9 сыныптар арасында орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Нурмаганова Мадина Сериковна «Лингвистический лабиринт» атты сыныптан тыс сабақ өткізіп, бастауыш сынып мұғалімі Ермекова Жанайым Зейноллақызы 1 «А» сыныбында қазақ тілінен «Сөз» атты ашық сабақ өткізді.
Сәрсенбі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі орта буын сыныптарына «Тіл- ұлттың жаны» атты сыныптан тыс іс-шара өткізіді, бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Жамила Орашқызы бастауш сынытар арасында «Білімділер сайысы» атты сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді.
Бейсенбі күні бастауыш сынып мұғалімдері Алишева Нурзат Арыстанбекқызы мен Герасимова Валентина
Владимирова «Уважение к языку- уважение к народу» атты сыныптан тыс іс – шара өткізсе, ағылшын тілі мұғалімі Ахметова Айнур Эрболқызы «Enjoy your English» атты 5-9 сыныптар арасында сыныптан тыс іс – шара өткізді.
Жұма күні бастауыш сынып мұғалімі Тукенова Аяжан Құттыбекқызы 3 сыныпта «Өнер алды қызыл тіл» атты сынып сағатын өткізді.
Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Долий Саулеш 5-11 Сыныптарға «Ана тілім-ардақтым»
атты кеш жүргізіп тіл апталығын қорытындылады. Сондай –ақ тіл мұғалімдері іс-шараны қорытындылай келе мерекеге белсене қатысқан оқушыларды марапаттам алғыстарын білдірді.