"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе «Бурабайым – жүрегімнің төрісің»

13.06.2017

   Бақыт деген ол менің бала күндерім. Бурабай - деген кең байтақ өлкемде, тәуелсіз Қазақстан төрінде ойнап, күлгенім. Тамаша тылсым табиғатын сүйгенім. Өмірімнің ең бір қимас, қызықты сәттерін басымнан өткізгенім. Әр адам өз бала күндерін аңсап отбасындағы, мектептегі, туған жеріндегі асыр салып, асық атып ойнаған сәттерін аңсап, сағынып сыр шерткенде бала кезінің бағасын түсінесің. Сол балғын балалық шағым-Бурбай өңіріндегі

Бұланды ауылында өтіп жатқаны үшін өте бақыттымын және қуаныштымын. Айналам ну-орман, таза ауа, демалыс орындары, шалқар көлдер мен қарасаң көз тоймайтын кербезде сұлу табиғат. Бурабайымның әр қуанышымен бөлісе аламын, оның әр кезгі бейнесін көзбен көріп, жақсылығына марқайамын, жетістіктеріне шаттанамын. Бурабайға

бару, демалу көптеген Қазақстандықтардың, тіпті шет елдіктердің арманы. Ал Бурабайымның сүйікті де қымбатты туған жерімнің самал лебі мені күнде аймалап, құшағына алады менің қуанышымда шек жоқ бақытты балалық шақ деген осы міне.Мен Бұланды орта мектебінің 7«А»-сыныбының оқушысымын. Әр жазғы демалыс сайын ата-анам және төрт бауырыммен Бурабайға демалуға барамыз. Тарихтан ойып тұрып орын алатын бұл өлкенің болашағы зор. Ата- анам  әр барған сайын бізге Бурабайдың тарихынан сыр шертіп, әртүрлі аңыз-әңгімелер айтып береді. Сонда біз оның әр қырынан танығандай боламыз. Тарихта ерекше орны бар Жұмбақтас, Оқжетпес, Жеке батыр т.б жерлерін аралап тамашалап қайтамыз.

Тарихта орны ерекше қасиетті жердің саябағы маған қатты ұнайды. Ол жерде мекен ететін аң – құстардың көбі «Қызыл кітапқа» енген, 757  өсімдіктердің түрін кездестіруге болады оның да көп бөлігі «Қызыл кітапқа» кіргендер. Бурабайымның көркемдігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес тылсым сұлу, кербез табиғатын тамашалап, суретке түсіп,аң - құстарын көріп, көліне шомылып қайтамыз бұл күн менің отбасым үшін өте ерекше күндердің

бірі болып есте қалады. Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі- әлемдегі ең көрікті көл, емдік қасиеті әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді, таңғажайып пейзажы тудыратын айбынды ормандары мен таулары ерекше. Бурабай көлінің суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай-түбі және ондағы балық, жәндіктер анық көрінеді. Көл бетіндегі әртүрлі шомылатын құстармен көл ерекше көзге түсіп, тартымдылығы арта бастағандай кербезденіп тұрады. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан

балықтары мекендейді. Бурабайда әртүрлі емдік қасиеті бар шөптер, дәрумендерге бай өсімдіктер бар. Суының, ауасының өзі таза сергіткіштік қасиетке ие. Орманның ішіне кірсең тіпті рахат сезімге бөленесің, бұлбұл құстың сайрағаны, оған қоса құстардың ерекше шуылдап шыққан дауыстарынан құстардың хорын естігендей боласың

.Бурабайда өсетін емен , қарағай, қайың, бұталы ағаштар,шырша, терек ағаштары біздің қол жетпес байлығымыз, орманың сәні, құстардың әні, жан –жануарлардың мекен ететін ортасы. Орманда мекен ететін жануарлардың 305 түрі бар олардың көбі яғни 87 түрі «Қызыл кітаптан» көреміз. Бурабай саябағы еліміздің ең көрікті жері,әрі мақтанышы, оған келгенде арманда , келмегенде арманда. Ол туралы, оның тарихы жайлы қызықты тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер, өлеңдер, шығармалар бар. Бұл әңгімелер, өлеңдер біздің Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, қызығушылығымызды оятады. Отаныма деген патриоттық, ұлттық сезімімді оятады. Тіліме, дініме, салт-  дәстүріме

деген құрметті молайтып, болашаққа деген көзқарасымды жақсартады. Мен Отанымды, туған жерім, кіндік қаным тамған жерім - Бурабайымды жақсы көремін. Жусаны мен жуасы бұрқыраған сары қымыз сапырып сағындырған- Бұланды ауылым, Бурабай өлкесіне кіреді. Менің ауылым дәл орманның ортасында орналасқан, қонаққа келген

адамдарды қуанышқа бөлеп, өзінің сұлулығымен тамсандырып, таңғалдырады. Әр жерде жайылып жүрген елік, бұғы, қорқып қашып жүрген қоян, тиіндарыда бір ерекше  сән беретін сияқты. Суының да емдік қасиеті мол, мөлдір бұлағынан жан-жақтан келген адамдар  су алып кетіп жатады, қандай тамаша, мақтанып, марқайатындай жағдай. Ауылымның қасиетті жақтары-паш етектен. Біздің ауылдың қасиеттілігінің себебі-біз Бурабай өңірінде тұрып жан-жағымызға сұлу көзімізбен маңғаздана қараймыз, табиғаттың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,

көзбен көрген адамдар ғана мені қолдайды. Мектебімізде орман шаруашылығы бойынша оқушылар құлшына еңбек етіп, тер төгеді. Орманның ішін тазалап, зиянкестерден құтқарып, тазалап, жерін құнарландырып, құстарға ұя жасап оған жем шашу сияқты еңбектерін аямай қолқабыс етеді. Ағаштан жасалатын бұйымдардың өзін ағашты сындырмай жерге құлап ,жарамсыз боп қалған ағаштардан жасаймыз. Әртүрлі сайыстардан мектеп оқушылары жүлделі орындармен оралады. Мысалы, мен сынған теректің қалдықтарын орманнан теріп әкеліп , оны жағып күлінен анам екеуіміз кәдімгі қазақтың ата- бабамыз қолданып келген химикатсыз қара сабынын жасаймыз. Оның емдік қасиеті өте көп. Әр мектеп орман шаруашылығына осылай атсалысса өте жақсы болар еді. «Туған елдей ел болмас,

туған жердей жер болмас»-деп текке айтылмаса керек. Туған жердің топырағынан нәр алып , суына сусын қандырып, ауасымен тыныстап салт- дәстүріңді ұрпаққа жалғап, қазақша сайрап тұрсаң , ол ерлік. Еліңе деген , жеріңе деген құрмет.

    Бурабай-  «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеуді алыс – жақыннан келген шет елдік демалушылар берді. Қазақстанның түкпір- түкпірінен келетін демалушыларда шипажайына барып емдік қасиеті бар балшық- сазымен

сыланып, суына шомылып ,зоопаркіне барып, таза ауасымен тыныстап, саябағын аралап бір демалып қайтады. Осындай бетке ұстар , мақтанышымыз , жер төресі, табиғаттың аясындағы ну –орманымызды 

қорғайық , аялайық. Тілсіз жауымыз – өрттен қорғайық.

                           

Бурабайым-мақтанышым , байлығым.

Саған жетер жерді ешбір таппадым

Көз алдымда қалар мәңгі бұл бейнең

Жарқын жерім бір өзіңе бас ием.

Просмотров: 1503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст