«Татулық – достықтың киелі бесігі»
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны
белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
29.04.17жылы ММ «Бұланды орта мектебінде» 1 мамыр Қазақстан халықаралық бірлік күніне орай «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс-шара ТІМ меңгерушісі Оспанова Г.Е. ұйымдастырылуымен өткізілді.
Мерекелік іс-шарамыз мектеп директоры Смайлова Б.С. құттықтау сөзімен басталды. Мектепте кішкентай
бүлдіршіндерден бастап 11сынып оқушыларына дейін өз өнерлерін ортаға салды. Әр сынып түрлі ұлт дәстүрлерін көрсетіп шықты: қазақ, неміс, түрікмен, орыс, татар, өзбек, қытай, үнді, корей, армян. Әр сынып ұлтының дайындаған тағамдарын және ұлттық киімдерін қорғап, би биледі және т.б. қосымша өнерлерін көрсетіп шықты. Әр сынып оқушылары өз ұлттарының өнерлерін көрсетіп болғаннан кейін картадағы Қазақстан еліне туларды жабыстырып отырды. Мерекелік іс-шарамыз оқушыларымыздың орындауында «Көктудің желбірегені» әнімен аяқталды.
Келген қонақтарымызға және мұғалімдер мен оқушыларымызға мерекелік іс-шарамыз ұнады. Ұлттық тағамдар мен киімдерін дайындауға сынып жетекшілері мен ата-аналары ат салысты.