Текст
Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне орай "Мейірімділік - жан айнасы" атты тәрбие сағаты 8 "А" сыныбында да онлайн форматта өткізілді. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Оқушылар бір-біріне мейірімді болу, қамқорлық көрсету жөнінде өз ой-пікірлерін сөзбен, суретпен, тіпті смайликпен көрсете білді. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі екендігіне де тоқталды.
Сынып жетекшісі: Адий А.