Текст
Бүгін 5-7 сынып оқушылар арасында жас ұрпақты өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында "Алтын жүрек-анамыз" атты онлайн мәнерлеп оқу байқауын өткіздік. 5 "Б" сынып оқушысы Алдашев Сұлтан І орын, 6 "А" сынып оқушысы Жакупова Томирис ІІ орын, 6 "Б" сынып оқушысы Мамитова Ясмина ІІІ орынға ие болды.