Текст
Өзін өзі тану пәнінің онкүндігіне орай пән мұғалімі Абилхалыкова Д.Е 3-4 сынып оқушыларымен онлайн форматта "Бәрін жүрегіңмен өлше!" атты ашық сабақ өткізді. Балалар сабаққа белсене қатысып, қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктері кеңейе түсті. Сабақтың соңында сыныптастарына шын жүректен жылы тілектер айтты.