"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұланды орта мектебінің 2017-2018 оқу жылы 9 «А» сыныбында өткізілген тәрбие жұмыстары жайлы есеп

28.06.2018

            Бұланды орта мектебінің 2017-2018 оқу жылы 9  «А» сыныбында өткізілген тәрбие жұмыстары

жайлы есеп

  Тәрбие бағдарламасындағы мақсат шығармашылық баспалдағы бойынша  тақырыбы: «Мен оқушымын, мен сыныптаспын» Мақсаты: «Мақсатты және шығармашылық дамыған тұлғанытәрбиелеу». Ұлы данышпанӘл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, онсызберілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, бүгінгі заман талабына сай тәрбие білім жүйесімен үйлестіре отырып жұмыс жасау әрбір ұстаздың міндеті. М. Жұмабаев «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті.»- деген екен. Яғни жас ұрпақта ұлттық рухта тәрбиелеу әрбір тәрбиешінің міндеті.

9 «А» сыныбында 3 оқушы. Олардың ішінде Қанатқызы Диана үздік оқып қызыл аттестат алса , Мамлина Асылжан мен Олжабаев Мадиярлар  жақсы бағамен оқу жылын аяқтады.  Сыныптың  оқушылары жыл бойы метеп іс-шараларына белсенді қатысты. Жыл бойы ата-аналар жиналыстарын уақытында өткізілді.

1-Зияткерлік тәрбиесі, ақпараттық мәдени тәрбиесі

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар менжастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен

құндылықты мақсаттарын қалыптастыру.

«Болашаққа бағдаршам», «Білімді мыңды жығар» , «Интернеттің

пайдасы мен зияны» атты сынып сағаттары мен әңгімелер өткізілді. Осы бағыт бойынша оқушылар сынып сағаттарынан жаңа мәлімет алып, өз ойларымен сыныптастарымен бөлісті. Оқушылар мұғалім берген барлық тапсырмаларын орындады. Осы сынып сағаттарынан сонында алған әсерлерімен бір –бірімен

бөлісіп, бағаларын шығарды.

2-Тұлғаның психологиялық диагностикасы, көшбасшылықты

тәрбиелеу

«Ұстазым арманыма ақ жол бастап»,  «Сыйласаң сыйлы боласың» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар адамгершілікке. Рухани тазалықты сақтау, әр істе сабырлы, салмақты, ізденімпаз жауапты болуға үйренеді.Оқушы

бойында дүние танымы кеңейіп, рухани құндылықтыры әсемдік арқылы, қоғамдық «стерге белсене атсалысатын тұлға қалыптасты.

    3-Қазақстандық азаматтық және патриоттық, құқықтық

тәрбиесі

Оқушылар өзінің құқықтары мен міндеттерін біліп, өз бойындағы жағымды қасиеттерді жетілдіруге баулыдым. «Қазақстан-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Отаным-бақыт ордасы», «Мен, Қазақстан

азаматымын!», «Көше күтпеген жағдайларға толы». Оқушылар бойында патриоттық сана  мақал-мәтелдерін жатқа айта алатын тұлға болып  қалыптасты

4-Салауатты өмір салты және дене шынықтыру

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тәрбие сағаттарын өткіздім.Оқушылар адам денсаулығының қымбаттығын түсінеді. Денсаулықты сақтаудың адам өміріне маңызын түсінді. Адам күн тәртібін сақтап, таза жүру керектігін білді. Осы бағыт бойынша жүргізген іс-шаралар мынадай: «Дені саудың –жаны сау» , «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат сыйы» атты тәрбие сағатында денсаулық туралы,тамақ ішудің маңызын, таңертең ерте тұрып дене шынықтыру керектігі айтылды. Денсаулықты сақтауды ескере отырып, оқу және    еңбек әрекеттерін қалыптастыру

Нәтижесінде : Оқушылар өз денсаулығының маңызы

мен мәнін түсінеді.

5-Еңбек, экономикалық тәрбиесі

  Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.Еңбек ету процесіндегі іс-әрекет дағдысын қалыптастыру, еңбек және оның мәні туралы ұғындыру.Бағыт бойынша «Отбасы бюджетін үнемдеу», «Еңбек етсең, емерсің» т.б. сынып сынып сағаттары және әңгімелер жүргізілді. Өз отбасының бюджеті неден құрылады және қалай үнемдеу

керек  туралы  білді. Адам өміріндегі еңбектің маңызы зор екенін білді. Әртүрлі тапсырмаларды орындады. Оқушылар мақал-мәтелдер айттып, жұмбақтар шешті Нәтижесінде : Белгілі бір еңбекте іс-әрекет

саласына енуге ұмтылысы қалыптасады.

  6-Ұлттық тәрбиесі. Полимәдениеттік және көркем

–эстетикалық тәрбие беру. Мақсаты:Тұлғаны

ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге

құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық

топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру. Менің тілім-менің мақтанышым»,

«Ынтымақ достық кепілі», «Менің ең жақын достарым», «Халқым сүйген-салтын

сүйер», «Біз көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз» атты іс-шаралар өткізілді.

Оқушылар әр түрлі халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсініп, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып басқада халық өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиеленді. Осындай тәуелсіз мемлекетімізде әр түрлі ұлттардың бір шаңырақ астында тау-тәтті бейбіт өмір сүрудің мәнісін түсінеді. Сонымен қатар әлем мәдениетін дәріптеу мақсатында биылға мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсанында мектептегі іс шараға белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті.

Қанатқызы Диана Абай оқуларына қатысып жүлделі 3 орынды иеленді.

7- Отбасылық тәрбие. Ата-аналармен жұмыс.Оқушылардың үйлеріне бару.

Осы бағыт бойынша «Тыйым сөздер», «Әдет ғұрып»,  «Отбасындағы тәрбие» атты сыныпта өткізген әңгімелер. Оқушылар сынып сағаттарда жаңа мәліметтермен танысып, және өздері де өз пікірлерін, ойларын

ортаға салды. Әрқайсысы өз отбасындағы болып жатқан тәрбие туралы айтып шықты.  Жыл бойы ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Ата-аналар жиналыстары әртүрлі тақырып бойынша өткізілді. Отбасы туралы, отбасы мүшелері туралы түсініктерін дамыту,отбасында әлеуметтік ролдерді түсіну.

Нәтижесінде: Оқушылардың  ата-аналарға деген құрметі артады.

8-Рухани- адамгершілік тәрбие (діни тәрбиесі, экологиялық тәрбиесі)

 «Рухани жанғырудың жарқын жолы» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағытының басты мақсаты : Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы тәрбиелеу.Оқушылар адамгершілікке, рухани

тазалықты сақтау, әр істе сабырлы, салмақты, ізденімпаз жауапты болуға үйренді. Оқушы бойында дүние танымы кеңейіп, рухани құндылықтары әсемдік арқылы, қоғамдық істерге белсене атсалысатын тұлға қалыптасты.Өз бойына адамгершілік қасиеттерді қабылдай білуге тәрбиелеу, әдептілік ережесін ұғындыру, қарым-қатынас

мәдениетін қалыптастыру Нәтижесінде : Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықтарын сақтауға,

 ата-анасын сыйлауға үйренеді, ұлттық тәрбие негізі оқушылар бойына

сіңіріледі,тиым сөздер тәлімін үйренеді.

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст