Текст
24 ақпан күні Бұланды жалпы орта білім беретін мектебінде “Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс” тақырыбында мұғалімдерге арналған шебер сынып өткізілді. Негізгі мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмысты ұйымдастыра отыра, жеке тұлға болып қалыптасуына үлес қосу. Шебер сынып барысында мұғалімдер пікір алмасып, түрлі әдістермен жұмыс жасады. Фишбоун әдісі арқылы негізгі мәселе, себеп, фактілерге тоқталып, қорытынды шығарды. Шебер сынып соңында “Менің арманым” тақырыбында әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
Өткізген: Тенсел Харахат