"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жерді аялайық (экологиялық өлең) авторы Амантай Есқақұлы Бейсекеев

29.07.2021

Туған жерді аялайық

(экологиялық өлең)

Көк орманым «Мақпал» тауға жарасқан,

Күн сәулесін көмкереді көк аспан.

«Қарагердің» қарағайы найзадай,

Ұшар басы зеңгір көкпен таласқан.

«Қарашілік», «Күйгеншоғым» зерленген,

Жазирасы самал желмен тербелген.

Туған жердің әрбір тасы тарих қой,

Сағынышым жалын болып өртенген.

Қайдан ұқсын сенде жатқан қайғыңды ел,

Табиғатқа біздің сезім айдын көл.

«Сатыбайым» сәукелелі сұлу тау,

Құшағымды саған ғана жайдым дер.

Жасыл орман жыр әнімсің қайда да,

Өрт жалынмен жоғалмасын бай дала.

Сексен көлдің ең сұлуы Жөкей көл,

Тұнығыңды, ей адамзат, лайлама.

«Жыландының» өр шыңында жасын бар,

Өлең қылған оны талай хас ұлдар.

Жырыменен ғашық болған Көкшеме,

Кешегі өткен Сәкендер мен Қасымдар.

Бақтың құсы табиғаттан көшкендей,

Отап жатыр Алладан да сес көрмей.

Табиғатқа тағылықты көрсеттік,

Ақ қайыңның мұңлы әуенін ескермей.

Ән базарың таусылмасын думанды ел,

Ата жолын ардақ тұтып қуған ер.

Аялайық ақ бесіктей бәріміз,

Дақ түспесін ажарыңа туған жер.

Просмотров: 740


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст