Жаратылыстану ғылымдар апталығының қорытындысы
Мектебімізде «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты жаратылыстану пәндер апталығы болып өтті.
Оқушылардың қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушыларға жаратылыстану бағытындағы пәндердің өмірмен байланысты екенін түсіндіру. Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын оятып қана қоймай, логикалық ойлау, тапқырлық, интуиция, ой-өрісі, дербестік қасиеттерімен мақсатқа жетуге үйрету болып табылады.
Жыл сайын апта барысында түрлі сайыстар мен іс-шаралар өткізіледі.
Апталығымыздың салтанатты ашылуы оқушылардың көрсеткен шағын көрініс, әр пәнге арналған өлеңдерден басталды.
Жоспарға сай 3 кіріктірілген ашық сабақ, атап айтсақ, 11«Б» сыныбында география және информатикадан «Япония» тақырыбында (пән мұғалімдері Андриянов А мен Оспанова Г.Е); 9«А» сыныбында география және физикадан «Қазақстанның көлік кешеңдері. Жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлі» тақырыбында (пән мұғалімдері Ахметжанов Б.К мен Бейсекеев А.И.); биология мен өзін-өзі танудан кіріктірілген «Сүйектің байланысу типтері» атты сабақты Адий А өткізді. Сабақтарда оқушылар белсенді қатысып, білімдерін ұштастыра білді.
Аптаның бірінші күні 5-11 сынып оқушылар арасында жаратылыстану пәндер бойынша олимпиада өткізілді.
5-6 сынып оқушыларының арасында «Жаратылыстану әлемі» атты сабақтан тыс жұмысты биология пәнінің мұғалімі Мұратхан М өткізді.
Аптаның соңы биология мен өзін-өзі тану пәні кіріктілген «Биологический КВН» атты кештікпен аяқталды.
Пәндер олимпиадасы және өткізілген әртүрлі іс-шараларды марапаттау рәсімі кештікте жалғасын тапты. Әр пән бойынша ең жоғары ұпай алған 12 оқушы «Ең үздік нәтиже» номинациясымен, 1,2,3- орын иеленген оқушылар Грамота және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жүргізілген іс-шаралар оқушылардың назарының дамуына, есте сақтау, тілдік қабілеттерін жетілдіруге, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қарым-қатынас жасау дағдыларын жүзеге асыруға, дарынды оқушылардың ойлау қабілетін жандандыруға септігін тигізді.
ӘБ мүшесі: Адий Аманжол