Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
Наурыз айының 20 жұлдызында біздің мектебімізде «Адалдық дукен» ашылуы рәсімі өткізілді. Бүл күні мектебізде «Наурыз мейрамы- 2019» арналған іс шара жоспарланған. Ашылуы рәсіміне ауыл тұрғындары, «Бұрабай»ҰП өкілдері Жунусов Ж.Г., Джуманов С.С., мектеп ұжымы қатысты. Бұланды ауылының тұрғыны Сапарбек ата Рахимжанов батасын беріп, ашылуы рәсімін өткізді.