Біз доспыз құстармен!!!
Біздің Көкше өңірінде қыс көрпесі сөгіліп, көктем өз билігін қолына алды. Айналадағы қар еріп, жылғалардан су ағып, жер бусанып, құстар сайрап көктем базары қайнаған шақ. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілуге айналған шақ. Көктемгі қызу тіршілік басталыа та кеткен.
Біздің ауылда орналасқан «Бурабай» мемлекеттік табиғи президенттік паркі қызметкерлері құстарға арнап жыл сайын ұя жасайды.Бұл іс шара «Құстар күніне арналаған». Ол ұяларды орман ішіндегі, ауыл маңындағы, мектеп жанандағы ағаштарға орнатады. Бұл дәстүр орманшылардың жылдағы дәстүріне айналған. Биыл да сауысқан немесе бұлбұл ұяласын деп біздің мектеп жанына тағы бір ұя ілінді.Бұл іс-шараға мектеп оқушылары міндетті түрде ат салысады.Олар үшін бұл іс-шараның маңызы әрі тәрбиелік мәні зор.Жастарды қамқорлыққа,еңбексүйгіштікке баулитын бұл іс-шараның берері көп.
Табиғатты аялау,оны күту, сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа әдемі қалпын сақтап қалдыру–әрбір отансүйгіш азаматтың борышы депе есептеймін.Қараса көз тоймайтын сұлу да көркем табиғаты бар біздің еліміз бақытты!Сол табиғат аясында өсіп, өркендеп келе жатқан біз бақыттымыз!!!
Бұланды орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі: Нұрзат Арыстанбекқызы