Текст
Жыл сайын қыркүйектің 22 күні Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. 19 қыркүйек күні тілдер онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты сапты болып, мектеп директоры Б.С.Смайлова құттықтаулар мен тілектер айтты. Салтанатты сапта оқушылар белсенді қатысатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.