Текст
25 қазан Республика күніне орай оқушылардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі-туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру мақсатында 19 қазан күні 9-11 сынып оқушылар арасында тарих пәнінен дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылар "Республика күні" мерекесін 2009 жылдан бері атап өтпеуі мен қайтадан тойлап бастағаны жөнінде қызу талқылады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты. Тарих пәнінің мұғалімі: Дюсенбаева Ш.М