Текст
15 ақпан– Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай 10 "А" сыныбында Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру, жауынгер ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында "Ауған соғыс ардагерлеріне тағзым" атты тәрбие сағат өткізілді. Оқушылар осы тақырыпта алдын ала қабырға газетін шығарды. Оқушылар дайындап келген материалдарын мазмұндаумен қатар өзара сұрақтар қойып талқылады. Жауынгер адамның бойында болатын қасиеттерді жарыса айту арқылы ойнайтын "Патриот" атты ойын ойнатылды. Қасіретті соғыстың зардабына да тоқталып өттік.
Сынып жетекшісі: Адий Аманжол