Текст
Бұланды орта мектебінде өзін-өзі тану онкүндігінің жоспарына сай өзін-өзі тану мұғалімі Абилкалыкова Д.Е.5 «А»сыныппен «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізді.
Шығармашылық жұмысын қорғау барысында оқушылар алдын ала ойластырып, дайындаған суреттердің мағынасын ашты. Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің, өз пайдасын тигізу» мәні мен мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салды. Мысалы: ата-анаға көмектесу, тындау, үлкендерді құрметтеу, сыйлау, жануарларға, табиғатқа қамқор болуы арқылы сүйіспеншілікті білдіреді.