Оқушылардың үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатымен 5-7А сыныбында "Алғыс айту – парызым!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін алғысын айтып, ойларын еркін жеткізе білді.
Сынып жетекшісі: Шерипхан Айнахан