Халықаралық әйелдер күніне орай 10 “А” сыныпта “ Тапқыр болсаң, талас жоқ!” сынып сағаты өтті.
Оқушыларға бұл мейрамның шығу тарихынан мәлімет берілді. 1910 ж. 27 тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік “Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Көнференциясында” немістің “социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқығын қорғау күні белгілеуді ұсынды.Ал 1921 жылы КСРО -да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды.
Сабақтың келесі кезеңі “Кім тапқыр?”
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді.
Екінші кезең “Сәлемдесу мимикасы”
Әлемдегі барлық адамдар кездескенде амандасы. Кейбіреуі қолдарын қысады, кейбіреуі қалпағын шешеді, кейбіреулері бір-бірін құшақтайды, ал кейбіреулері тек қана басын иіп сәлемдеседі.Оқушылар сәлемдесу түрлерін көрсетті.
Сынып жетекшісі: Жунусова Қ.Т.