Текст
18-сәуір күні Көкшетау қаласы Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби өзін-өзі анықтау және жеке тұлғаның дамуының негізі ретінде ерте бейіндеу» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Монголия, Ресей елдерінің көптеген Университетінің оқытушылары мен қатар студенттер мен мектеп мұғалімдері қатысты. Осы конференцияда біздің мектебіміздің химия-биология пәнінің мұғалімі Адий Аманжол «Оқушының бойындағы қасиеттеріне негізделіп кәсіби бағдарлау» тақырыбында баяндама оқыды. Мақала алдағы шығарылатын жинаққа енгізілетін болды.