Бұланды орта мектебі ММ 2021 жылдың түлектері үшін ҰБТ-ге дайындық жұмыстары тамыз айынан бастау алды. ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Аталмыш жұмыс түрі арнайы мектеп директорының бекітуімен жасалған жоспар нәтижесінде жүзеге асады. Күтілетін нәтиже - ҰБТ-де жоғарғы нәтиже көрсету. Осы орайда пән мұғалімдері 11 сынып оқушыларымен жүйелі түрде қосымша сабақ түрлерін өткізуде. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Бүгінгі күні сабақтың басталуына санаулы күндер қалса да, оқушылар өткен жылғы жинақ кітапшалармен жұмыс жасап, жіберілген қателіктер бойынша пән мұғалімдері Ахметжанова Г.Х., Адий А., Идрисова А.Р., Дюсенбаева Ш.М., Постникова Н.В., Ахметжанов Б.К. Шерипхан А, Колпакова Г.В., Долий С. жұмыстар атқаруда
ҰБТ- 11 сынып оқушылары үшін өмірлеріндегі аса маңызды жауапты кезең, өйткені ҰБТ нәтижелері оларды таңдаған мамандықтарына қарай алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Көздеген мақсатқа жету үшін оқушы мен мұғалімге де аянбай еңбек ету керек екені баршамызға аян, ендеше бастамаларына сәттілік тілеймін.
Директордың ОТЖ орынбасары Сагиндикова К.К.,