Жеке тұлғаның жыныстық қол сұқпаушылығы жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық құқығының бөлігі болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітіледі, сақталады және кепілдендіреді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығы туралы айтылғанда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығы, олардың қалыпты жыныстық сау жетілуі, қалыпты тән және моральды-иманды жетілуі болып табылады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты нәсіпқұмарлық мінездегі қылмыстардың жоғарғы дәрежеде жасалуы ерекше дабыл қақтырады.
Аналықты және балалық шақты қорғау мәселесі басымды құқық қорғау мәселелерінің бірі болып табылады. Әйелдерге және балаларға қатысты қандай да болмасын зорлық аса қатты тыйылуы қажет, ол туралы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексіндегі жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік шараларының күшейуі куәлендіреді. Имандылыққа, олардың жыныстық қол сұқпаушылығына қол сұғатын қылмыстар қоғамдық қауіптің аса жоғарғы дәрежесіне ие.
Кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық әлеуметтік құбылыс сияқты алға жылжыған зардаптардің бірі болып табылады.
Бұл баланың психикалық халіне ғана қарсі әсерін тигізі қоймай, оның дамуына, сондай-ақ, көбінде болашақ ұрпақтың өмірін анықтайды. Ұл бала мен қыз бала өскен кезде есейіп өз балаларын тәрбиелей бастайды, сол кезе олардың мінез-құлқы олардың отбасылық тәжірбиесінен анықталатын болады.
Психологтардың зертеуі балаларға қарсы зорлықтарды жолы болмағандар, ренжулі және отбасының ықыласына бөлінбеген адамдар жасайтындығын куәлендіреді. Осының нәтижесінде оларда өзінің барлық сәтсізді үшін кек алу қажеттілігі туындайды. Және олар оны тек, өздерінен тәуелді, әлсіз және қарсылық көрсете алмайтындарға ғана жасай алады.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың есебін құру және олар туралы мәліметтерді жариялау қажеттілігін айқындады.
Деректер заңды күшіне еңген соттардың айыптау үкімдері (қаулылары) және оларға қатысты қабылданған ҚР ҚІЖК 35 бабы 1 бөлігі 9 тармағының, сондай-ақ, ҚР ҚІЖК 37 бабы 1 бөлігі 9 тармағының негізінде қылмыстық істерді тоқтату туралы қаулылар негізінде қалыптастырылатын болады.
Мәліметтердің жарияланымы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің гео ақпараттық жүйесінде ғаламтор ресурсында жарияланатын болады.
Қазақстанда педофилдардың бірыңғай базасын құру жыныстық қол сұғушылық жасағандығы үшін сотталған тұлғалардың КЕЛБЕТІН білуіне мүмкіндік тудырады, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы қылмыстар жасағандығы үшін жазасын өтеген тұлғалардың тұрғылықты елді мекені туралы мәліметтерге азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді.