15.09 күні «Отбасы күніне» орай 9 және 11 сынып оқушылары «Отбасы құндылығы» тақырыбында эссе жазды.
9 сынып оқушысы Нургазов Дәулет өз шығармасында тәрбие – тал бесіктен басталатыны жазса, Кенжигулов Алдияр «отбасының басты міндеті- баланы тәрбиелеу» екенін айтып өтті. Осылай, әр оқушының ойы бір жерден шығып, 9 сынып оқушылар арасынан Темірбек Дінмұхаммед, 11 сынып арасынан Сайланова Дильназдың жазған шығармалары ең үздік деп танылды.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол шағын мемлекет.
16.09 күні 5-8 сынып оқушылары «Отбасы-шағын мемлекет» тақырыбында суреттер салды. Әр оқушының салған суретінен отбасылық жылулық пен татулық, ананың мейірімі мен әкенің қамқорлығын байқауға болады. 8 сынып оқушылары Сайланова Айдана мен Оспанова Нұршат, 7 сынып оқушысы Қадыр Абубәкірдің салған суреттері жоғары бағаланды.
Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың бір түрі. Ал, отбасы тәрбиесі - ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады. 17.09 күні отбасы күніне орай 3-4сынып оқушылары арасында "Бақытты отбасы" атты өлеңдер оқуын қашықтық түрде ұйымдастырдық. 3сынып оқушылары Есен Ерназар, Альмуратова Арайлым, Олжабаев Жансұлтан, Маканов Ораз, 4сынып оқушысы Картабаев Елдос отбасы туралы өлеңдерді шын ниетпен орындап берді. Өздерінің отбасын мақтан етіп қадірлейтініне көзіміз жетті.
14-17.09 аралығында өткізілген «Отбасы-бақыт мекені» атты отбасы туралы видео түсіруге оқушылар белсене қатысты.Видео түсірген 2 «Б» сынып оқушылары Хамит Диас, Пелымская Екатерина, Колпакова Дарина, Абдрахманов Риваль, Оспанова Милана мен Альбина, 9 «А»сынып оқушысы Кенжигулов Алдияр және 5-6 «б» сынып оқушыларына алғыс айтамыз.