30.09.2020
Мектебімізде 25-ші қыркүйек күні 1 сынып ата-аналарымен «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты конференция өткізілді.
Конференция бағдарламасында:
1.Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2.Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасудың алдын алу;
3.Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу;
4.Отбасылық құндылықтарды ілгерлету және нығайту;
5.Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру т.б. бағытта ақпараттар беріліп, видеоролик көрсетіліп, жұмыстар жүргізілді. Мектеп қабырғасын енді аттап отырған бүлдіршіндерімізге тезірек бейімделу үшін ата-ана тарапыннан қолдау қажет екендігі түсіндірілді.
1-сынып жетекшісі Кабенке Айжан.