"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттарым аман- сау жүрші!

03.10.2020

Қарттарым аман- сау жүрші!

        Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Солардың ішінде  біздің ауыл тұрғындары Кабдуллин  Насиболла Кабдуллаевич атамыз бен Ошаганова Сулима Мыңбаевна сынды ардагер ұстаздарымызды қазан айының басында қатар келіп жатқан қос мерекесімен құттықтап, алғыстарын алып, кеңестерін тыңдап әңгімеге тарттық. Насиболла ата мен Сулима апа еңбек жолын ұстаздыққа арнап, бүгінгі күні еңбегінің зейнетін көріп отырған жандар. Қазан айының басында қатар келетін қос мереке «Қарттар күні» мен «Ұстаздар» күні  ардагер ұстаздар үшін маңызы зор.

Алдымен Насиболла атамыздың шаңырағына кіріп сұхбаттасып, әңгімелестік.  

- Ата, көп жылдар бойы ұстаз болып еңбек еттіңіз, еңбегіңіздің зейнетін көріп отырсыз дегенмен артта қалған ұстаздық деген жолға қайта оралып, саралау бар ма?

- Әрине адам баласы болғаннан кейін мен қандай болдым, қалай осы күнге жеттім деген сұрақ әрбір жанның ой түбінде жататын нәрсе ғой, мен еңбек жолымды жақсы өткіздім, шәкірттеріммен мақтанамын, менің алдымнан өткен оқушыларым өмірде өз орындарын тауып, әр салада жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар мен жұмыс істеген ұжым береке мен  бірлікке толы ұйымшыл және соңымнан ерген ізбасар әріптестерім мені үнемі үлгі тұтты маған осы үлкен мәртебе емеспе!- дейді қария.

- Мұғалім болу оңай ал ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін іс, нағыз ұстаз қандай болу керек?

- Иә ұстаз болу әркімнің қолынан келе беретін іс емес, бірақ сол ұстаздықтың жолында көп тер төгумен қатар шыдамдылықты талап етеді. Табанды да еңбекқор адам өз мақсатына жетеді.

- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіз Елдің болашағы өскелең ұрпақтың қолында»- деген. Сіз болашақ ұрпақтан не күтесіз?

-Дұрыс айтасыз. Біздің еліміз күнен күнге өркендеп, дамып келеді сол елдің болашағы сауатты да, саламатты ұрпақтың қолында. Ал сауатты да, салауатты ұрпақты тәрбиелеу бүгіңгі жаңашыл ұстаздардың міндеті болып табылады. Болашағымыз жарқын болсын десек жан – жақты, ұлт жанды, намысты қолдан бермейтін әрі өжет ұрпақ тәрбиелей білуіміз қажет. Сонда ғана Тәуелсіздіктің тұғыры берік болмақ!- десе Сулима апамыздың үйіне келіп, осы сұрақты қайталап қойған сәтте апамыз,  «Тәрбие басы –тал бесіктен басталады!» - деген дана халқымыз. Баланы 5 жасқа дейін ата-ана тірбиелеп, ұстазға табыс етеді. Ал ұстаз бен ата – ана тығыз байланыста, ынтымақта жұмыс жасар болса Елдің болашағы жарқын болмақ!- дейді.  Насиболла атамыз бен Сулима апамыз мектеп ұжымындағы ұстаздар қауымының  мерекелері құтты болып өнегелі-үлгілі, білімді шәкірттерің көп болып, абыройларың асқақтай берсін! – деп  ағынан жарыла батасын берді.

      Мінеки, ардақты ағайын! Біздің жанымызда осынай ардагер ұстаздар, данагөй қариялар бар кезде ұрпағы бақытты болмақ!

Ендеше, қарттармыз аман –сау жүрсін!

  

 Бұланды орта мектебінің

мұғалімі Долий Саулеш

тел: 87778031639

 

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст