Конкурстың басты мақсаты: талалнтты шығармашылық жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау.
Абай орта мектебінде қазанның 12-ші жұлдызында «Үздік психолог» атты аудандық конкурсы өтті. Бұл конкурста педагог-психологтар 5қатысушы қатысып, өздерінің мүмкіндіктерін сынап көрді. Қатысушылар 5тур бойынша: 1-тур. «Мен және менің мамандығым» эссе жазып, өз-өзін таныстырып, викторинадан өтіп, тренингтер өткізіп, «Психологтың сиқырлы әлемі» монологын орындап шықты. Қатысушылар өздерінің тәжірибелерінен жинақтаған өздерінің жетістіктерімен, нәтижелерімен, шығармашылық жаңалықтармен, идеяларымен бөлісті. Бұланды орта мектебінің педагог-психологы Абилкалыкова Д.Е. конкурсқа қатысып 1-орынға иеленді.