Текст
Бұланды орта мектебі оқушыларының оқу күні қарқынды өтеді. Күн сайын түрлі сабақтар,
сыныптан тыс шаралар, конкурстар, олимпиадалар, сайыстар және т.б. Сондықтан жұмысқа дайындалу үшін оларға әр таң сайын өткізілетін жаттығу көмекке келеді.
Таңертеңгі жаттығуға 1-шіден 11 сыныпқа дейін оқушылардың бірі қалмастан қатысады. Балалар бір-бірін қуана қарсы алып, содан соң дене шынықтыру мұғалімі Сарманов Ершат Есеновичтің нұсқауымен бір қатарға тұра қалады. Жоғарғы сынып оқушысы пәрмен сөздерін айтқан кезде бірнеше қатарларға бөліну, созылу және де мүмкін болатын барлық жаттығулар басталады.
Сөйтіп, бүгінгі көктем таңы да жаттығудан басталды.