"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдебиеттік оқу сабағында, мұғалім Ермекова Жанаим Зейнуллақызы

24.11.2020

23 қараша 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу сабағы өткізілді. Сабақ шаттық шеңберінен басталды. Оқушылар бір-бірімен сәлемдесіп, құшақтасып қуанып қалды. Өткен тақырып бойынша оқушыларға үйде «Күз» тақырыбында өлең құрастыру берілген. Есен Ерназар, Олжабай Жансұлтан жазған төрт жол өлеңдерін оқып шықты. Осы сабақта да жаңа тақырып күз туралы болды.  Оқушылар Тайыр Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңімен танысты. Өлеңді мәнерлеп оқып, берілген тапсырмаларын орындады. Оқушылар жалаушалар арқылы топқа бөлініп, орны ауысып кеткен мақалдарды дұрыс қойып, оқыды. Сабақ соңында оқушылар жетістік ағашында өздерінің орнын смайликтер арқылы көрсетті. Сабақ қызықты өтті деп ойлаймын. Сынып жетекшісі Ермекова Ж.З

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст