2018 жылғы 15 мамырда сағат 18:30-да барлық мектептерде «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын модернизациялау бағдарламасы шеңберінде және Халықаралық Отбасы күніне арналған «Білімді ұлт - оқытудың сапасы және отбасылық құндылықтар» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты ата-аналарды білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу үшін мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға қатысуы болып табылады.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібі келесі мәселелерді қамтиды;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру - тәрбие берудің негізі;
- 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы;
- оқу жылының нәтижелері; оқушылардың білім сапасы;
- мектеп қамқоршылар кеңесінің қызметі;
- Отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
- оқу үдерісін цифрландыру;
- 100 үздік оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу.
Барлық ата-аналардан ұлттық ата-аналар жиналысына қатысуын сұраймыз.